
2023 жылғы 25 шілдеде «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) ашық қолжетімді орналастырылды.
Қаулы жобасының мақсаты электрондық тәсілмен микрокредиттер беру үшін бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Ол үшін тиісті бағдарламалық қамтылымды қауіпсіз әзірлеу, сондай-ақ клиентті алаяқтық әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ететін функцияларды енгізу бойынша талаптар белгіленеді.
Қаулы жобасы микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға микроқаржы ұйымының мобильді қосымшасында бастапқы тіркелу кезінде клиенттің биометриялық сәйкестендіруді пайдалану талабын да айқындайды. Осы мақсатта Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының мүмкіндіктері немесе микроқаржы ұйымына барған кезде тікелей клиенттен алынған биометриялық деректер пайдаланылатын болады.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14642344 сілтемесі бойынша және Қазақстан Республикасы Қаржы реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/501569?directionId=15506&lang=kk сілтемесі бойынша танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz