Қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының  2021 жылғы 16 шiлдедегi № 84 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» және «Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі №82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулылары жобаларының (бұдан әрі – Жобалар) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жобаларда банктік қарыз шартының/микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуге арналған негіздемелер тізбесін және кредиттер бойынша міндеттемелерді орындаудың кешіктірілу себептерін растайтын құжаттар тізімін айқындау көзделеді.

Сондай-ақ, Жобаларда мерзімді әскери қызмет өткеретін қарыз алушыларға қызмет өткеру мерзіміне кредиттер бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігін беру көзделеді және банктер мен микроқаржы ұйымдарының Агенттікке кредит беру шарттарын өзгертуге өтініш білдірген қарыз алушылардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы статистикалық ақпарат беру міндеті белгіленеді.

Реттеуді шектейтін талаптарды болдырмау үшін кредитордың қарыз алушының мерзімі өткен берешекті біржолғы өтеуін талап етуіне тыйым салуды енгізу ұсынылады.

Бұл түзетулер азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру және қарыз алушыларға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және кредитор алдындағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беру мақсатында әзірленді.

Қаулы жобаларының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14639072,  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14639767 сілтемесі бойынша ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz