
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірленгені туралы хабарлайды.
Қаулы жобасында лицензиядан айырылған және мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылатын мәліметтерді нақтылау бөлігінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерінің атауына өзгерістер енгізу бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тарату мәселелері және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу көзделеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14639361 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz