Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту туралы

Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында көлік құралына келтірілген зиян мөлшерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын амортизациялық тозудың мөлшерін тексеру үшін калькулятор орналастырылғанын хабарлайды.

Міндетті автосақтандыру шеңберінде калькулятордың көмегімен зақымдалған көлік құралын жөндеу құнын есептеуде амортизациялық тозу мөлшерін тексеруге болады.

Бұл жаңалық сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүліктік мүдделерін қорғауды арттыру мақсатында іске асырылғанын және Агенттіктің 2023 жылғы 5 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №23 қаулысында көзделгенін атап өтеміз.

Автокөліктің амортизациялық тозу мөлшерін тексеру үшін сақтандыру омбудсманының сайтына https://fomb.kz сілтеме бойынша өту қажет.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz