Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау бойынша

Реттеушілік әсерді талдау  нәтижелерін қоғамдық талқылау бойынша

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары негізінде «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес борышкер - жеке тұлғаның берешегін реттеу жөнінде шаралар қабылдау міндетін енгізу бөлігінде реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауларды 2023 жылғы 31 шілдеден Астана қ. уақытымен сағат 09.00-ден 2023 жылғы 2 тамызда сағат 18-00-ге дейін (3 жұмыс күні ішінде) Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында, «РӘТ» бөлімінде жоспарлы түрде өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы «31» шілдеде Астана қ. уақыты бойынша сағат 10.00-да қосымша бейнеконференцияның өткізілетіні туралы атап өтеміз.

Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін Gulmira.Mykhayeva@finreg.kz. электрондық поштасына жіберуді сұраймыз Zoom сілтемесі мүдделі адамдарға ұялы телефон нөмірлеріне жіберілетін болады. Туындаған барлық сұрақтар бойынша жұмыстағы +7 (727) 259-8233 телефон нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.