
2023 жылғы 20 шілдеде сағат 11:00-12:30 KPMG Caucasus and Central Asia Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен «Қаржы ұйымдары үшін ESG-есептілікке кіріспе» тақырыбында вебинар өткізеді.
Вебинар шеңберінде спикерлер ESG-есептіліктің негізгі түрлері туралы хабардар етеді, олардың әрқайсысының артықшылығы мен кемшілігін айқындайды, сондай-ақ ESG-есептілікті дайындау процесін кезең-кезеңімен түсіндіреді және ең тиімді құралдарды айтады. Вебинар қаржылық емес есептілікпен жұмыс істеуге қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі және оны жасау барысында ең көп туындайтын сұрақтарға толық жауаптар береді.
Вебинар туралы толығырақ ақпаратпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз: bit.ly/471uvMX