
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-1-бабына сәйкес Өкілдер кеңесінің кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша Дархан Қадырбайұлы Нұрпейісов көпшілік дауыспен банк омбудсманы болып сайланды.
Дархан Қадырбайұлы Нұрпейісовтің заңгерлік білімі бар, заң ғылымдарының докторы, профессор, іскерлік басқару магистрі (МВА). Д.К. Нұрпейісовтің банк секторында жұмыс өтілі бар, Қазақстан Республикасының Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде басшылық лауазымдарды атқарған.
Дархан Қадырбайұлы Нұрпейісов банк омбудсманы лауазымына 2023 жылғы 12 шілдеден бастап кірісті, өкілеттік мерзімі - қызметке кіріскен күннен бастап 2 жыл. Жаңадан сайланған банк омбудсманының алдына азаматтардың банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу мәселелеріндегі оның рөлін күшейту бойынша міндеттер қойылды.
Агенттік Ерсерік Дәменұлы Сиырбаевқа банк омбудсманы лауазымындағы тиімді жұмысы, аталған институттың қалыптасуына және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz