Банктер мен қаржы ұйымдары үшін ESG саласындағы ақпаратты жария ету жөніндегі нұсқаудың таныстырылымын өткізу туралы

Банктер мен қаржы ұйымдары үшін ESG саласындағы ақпаратты жария ету жөніндегі нұсқаудың таныстырылымын өткізу туралы

2023 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Халықаралық қаржы корпорациясының (бұдан әрі – IFC) қолдауымен Банктер және  басқа да қаржы ұйымдары үшін экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (Environmental, Social and Corporate Governance, ESG) саласындағы ақпаратты жария ету жөніндегі нұсқаудың (бұдан әрі – Нұсқау) таныстырылымын өткізді.

Нұсқаудың толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Орнықты қаржыландыру» бөлімінде танысуға болады.

Семинарға жүзден астам қатысушылар – екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банктік емес қаржы ұйымдарының, аудиторлық және лизингтік компаниялардың, квазимемлекеттік ұйымдар және басқа да стейкхолдерлердің өкілдері қатысты.

IFC халықаралық практика  және ESG ақпаратын ашудың жаһандық үрдістері туралы баяндама жасады. Атап айтқанда, 2023 жылғы 26 маусымда Халықаралық орнықты даму стандарттары жөніндегі кеңес (ISSB) ESG‐есептілік бойынша алғашқы стандарттарды (IFRS S1 General Requirements for Disclosure of Sustainability‐related Financial Information және IFRS S2 Climate‐related Disclosures) қабылдағаны атап өтілді. Бұл стандарттар 2024 жылдан бастап күшіне енеді.

Осы іс-шара аясында Агенттік қаржы секторына қатысушылардың сараптамалық әлеуетін арттыру мақсатында әзірленген ESG және орнықты қаржыландыру мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру үшін 2023 жылға арналған жол картасын жариялады.

Жол картасында орнықты қаржыландыру саласында бірқатар оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу көзделеді, онда ESG стандарттарын, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдары мен аудиторлық компаниялардың стандарттарын енгізуде табысты тәжірибесі бар орнықты қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар дәріскер болады. Жол картасы Агенттіктің сайтында «Орнықты қаржыландыру» бөлімінде орналастырылған.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-89, e-mail: press@finreg.kz