Бағалы қағаздар нарығына қатысушылармен тоқсан сайынғы кездесу

Бағалы қағаздар нарығына қатысушылармен тоқсан сайынғы кездесу

2023 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасы Мәдина Әбілқасымова бағалы қағаздар нарығына (бұдан әрі – БҚНКҚ) кәсіби қатысушылармен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері, БҚНКҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басшылары қатысты.

Іс-шара барысында Агенттік сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат ұсынды. Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды бес басқарушы компания жүзеге асырады.

Басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің құны 9,1 млрд теңгені құрады. Ұлттық Банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің құны – 15,88 трлн теңге.

Басқарушы компаниялардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі соңғы 12 айда 11,78%-ды құрады.

Агенттік зейнетақы активтерін басқарушыларға қойылатын талаптарды жетілдіру шеңберінде ағымдағы жылғы  1-жартыжылдық ішінде:

  • тепе-тең реттеу қағидаттарын іске асыру шеңберінде кәсіби қатысушылар үшін жаңа пруденциялық нормативтерге көшу;
  • зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін басқарушылар тізіліміне енгізу үшін талаптарды қайта қарау;
  • зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін кеңейту бойынша іс-шараларды жүзеге асырды.

Кездесу барысында нарықтық бенчмаркты пайдалану арқылы сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің теріс кірістілігін өтеу тәсілдерін жетілдіру мәселесі қаралды. Сондай-ақ, БҚНКҚ-ның операциялық тәуекелдер бойынша жауапкершілігін жүктелген сақтандыруды енгізу мүмкіндігі талқыланды.

Ұлттық Банк өкілдері активтерді сенімгерлік басқарудан бәсекелестік ортаға берудің ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат ұсынды.

Талқылау қорытындысы бойынша бенчмаркты пайдалануға көшу және БҚНКҚ операциялық тәуекелдерін сақтандыру мәселелерін одан әрі егжей-тегжейлі пысықтау қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz