
PwC Қазақстан 2023 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен ESG мәселелері бойынша қаржы секторының сараптамалық әлеуетін арттыру мақсатында «ESG-ақпаратты сапалы жария ету: стандарттар, тәсілдер және үздік тәжірибелер» тақырыбында семинар өткізеді.
Семинар аясында ақпаратты жария етудің негізгі әлемдік стандарттарына (GRI, SASB, TCFD, EBA ESP Disclosure, ISSB, CSRD), стратегия мен есеп берудің маңызды ESG-аспектілеріне шолу жасалады. Семинар ESG көрсеткіштерін сапалы жария ету негізінде қаржы ұйымдарының қаржылық емес есептілікті дайындаудағы практикалық дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін болады.
Семинар туралы қосымша ақпаратты кмына сілтеме бойынша таба аласыз: https://www.pwc.com/kz/ru/pwc-news/what-new/esg-info.html