
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын (бұдан әрі – Консультативтік құжат) жария талқылау үшін орналастырғанын хабарлайды.
Консультативтік құжатты талқылау шеңберінде тұтынушыларға қаржы өнімдерінің (қызметтерінің) қасиеттері және оларға ілеспе тәуекелдер туралы ақпаратты ашуға, банк қызметтерін алуға және мүгедектігі бар адамдар, қарттар және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарының үшін қаржы өнімдерін пайдалануға шектеу қоюға, қаржы ұйымдарының кадрлық әлеуетін іріктеу, тағайындау және дамыту рәсімдерін күшейтуге, сондай-ақ жауапкершілікті күшейтуге байланысты мәселелерді қарау ұсынылады.
Жария талқылау 2023 жылғы 4 шілде – 26 шілде аралығында жүргізілетін болады. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау кезеңінде Консультативтік құжатқа «Салықтар мен қаржы» бөлімінде, «РСКҚ» НҚА түрлерінде пікір білдіруге мүмкіндік болады.
Қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz мекенжайындағы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы сайтынан және жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 8 727 237-1171 телефоны бойынша алуға болады.»