
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) мамандары сақтандыру компанияларының төлем қабілеттілігін бағалау бойынша Solvency II еуропалық стандарты бойынша тәуекелге бағдарланған тәсілге қатысты талдамалық мақаланың бірінші бөлігін дайындады.
Бұл мақалада сақтандыру компанияларының қаржылық орнықтылығын бағалау шеңберінде Еуропалық елдердің нормативтік талаптардан төлем қабілеттілігі талаптарына (Solvency) көшуінің сипаттамасы, көрсеткіштер мен индекстерді есептеу мысалдары келтірілген. Мақалада сондай-ақ Еуропалық Одақта Solvency II стандартын енгізу тәжірибесі қамтылған, сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігін бағалаудың заманауи жүйесі сипатталған.
Агенттіктің талдаушылары сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің капиталына талаптарды белгілеу бөлігінде Solvency II стандартын іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін келтіреді. Solvency II халықаралық стандартының талаптары бойынша сақтандыру компаниясы үшін талап етілетін төлем қабілеттілігі капиталының (Solvency capital requirement) егжей-тегжейлі есебі ұсынылған.
Мақала сақтандыру нарығының және іскер БАҚ-тың кәсіби қатысушыларына пайдалы болады.
Мақаланың екінші бөлігі 2023 жылдың екінші жартыжылдығында жариялануға жоспарланған және Solvency II халықаралық стандартының талаптарын іске асыру процестерін сипаттауға және оның элементтерін елдің сақтандыру заңнамасына бейімдеуге арналған.
Жарияланымды Агенттіктің ресми сайтынан табуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/489278?lang=kk
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz