Реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылау үшін ашық НҚА интернет-порталында жоспарланып отырған орналастыруға қатысты

Реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылау үшін ашық НҚА интернет-порталында жоспарланып отырған орналастыруға қатысты

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жария талқылау үшін жоспарланып отырған орналастыру туралы хабарлайды.

Жария талқылаулар жоғарыда көрсетілген құжат орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізілетін болады. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау кезеңінде оған «Салықтар мен қаржы» бөлімінде, «РСКҚ» НҚА түрлерінде түсініктеме беру мүмкіндігі болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы  

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz