2020 жылдың І тоқсанында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша коллекторлық агенттіктердің іс-әрекеттерінде анықталған бұзушылықтар туралы

2020 жылдың І тоқсанында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша коллекторлық агенттіктердің іс-әрекеттерінде анықталған бұзушылықтар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жеке немесе заңды тұлғалардан коллекторлық агенттіктердің борышкермен өзара іс-қимылы тәртібін бұзушылықтарға қатысты өтініштер түседі, ол Заңның 5-бабында айқындалған.  

2020 жылдың І тоқсанында коллекторлық агенттіктерге қатысты анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 3 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде:

- 132 550 теңге сомаға 1 әкімшілік айыппұл;

- жазбаша ұйғарым түріндегі 3 ықпал ету шарасы.

Жүргізілген талдау нәтижелері коллекторлық агенттіктердің:

- коллекторлық агенттіктің қызметкерімен алғашқы рет байланыс жасаған кезде борышкерге коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларында белгіленген ақпаратты хабарламауға;

- уәкілетті орган сұратқан ақпарат пен құжаттарды ұсынбауға;

- Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес келетін сенімхат бойынша борышкердің өкіліне сұратылған мәліметтерді ұсынбауға байланысты бұзушылықтарға жол бергенін көрсетті.

Агенттік коллекторлық агенттіктерге қолданған ықпал ету шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) туралы ақпарат ресми интернет-ресурста  (www.finreg.kz) «Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар» бөлімінде орналастырылады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мыналарға назарын аударамыз: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету бойынша функциялар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және оның аумақтық филиалдарынан Агенттікке, Қазақстанның өңірлерінде – Агенттіктің Өңірлік өкілдерінің басқармаларына берілген.

Осыған байланысты қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке, Агенттіктің жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне, сондай-ақ аумақтық тиістілігі бойынша өңірлердегі – Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына:

 - Агенттікке, мынадай мекенжай бойынша: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй жазбаша;

- құқықтық көмек алу үшін мынадай мекенжай бойынша Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй (төтенше жағдай кезеңінде азаматтарды уақытша қабылдамайды),  жедел желі  телефондары +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122;

- Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына (Агенттіктің www.finreg.kz сайтының «Агенттік туралы» бөлімінде, «Агенттік құрылымы» – «Агенттік бөлімшелері» шағын бөлімдерінде көрсетілген мекенжайлар бойынша) өтініш жасауға құқылы.

 

 

Анықтама үшін: Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар, коллекторлық агенттіктердің қызметін құру ерекшеліктері, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеу, олардың қызметін бақылау ерекшеліктері Заңда белгіленеді:

Заңға сәйкес:

  • коллекторлық агенттік - коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;
  • коллекторлық қызмет - коллекторлық агенттіктің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметі.

Коллекторлық қызмет екінші деңгейдегі банкпен және (немесе) микроқаржы ұйымымен жасалған  берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын

қорғау мәселелері бойынша жедел желі телефондары

бойынша хабарласыңыздар:

+7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122

  (жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін,

сенбі күні – 9.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі – демалыс күні)   

 e-mail: Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz

 www.finreg.kz