2020 жылғы І тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және сақтандыру ұйымдарының іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар туралы

2020 жылғы І тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің,  банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және сақтандыру ұйымдарының  іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары  бойынша анықталған бұзушылықтар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  (бұдан әрі – Агенттік) 2020 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша аталған кезеңде екінші деңгейдегі банктер,  банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) және сақтандыру ұйымдары жол берген қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді.

2020 жылғы І тоқсанда банктерге  қатысты қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау  аясында 34 ықпал ету шарасы, оның ішінде:

- 15 әкімшілік айыппұл;

- 16 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы;

- 3 жазбаша ұйғарым қолданылды.

          Жүргізілген талдаудың нәтижесі банктер басым жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген мынадай нормалардкелесі талаптарды,  сондай-ақ мыналарды:

 -  банктік қарыздарға қызмет көрсету;

 -  төлемдер және ақша аударымдары;

             - банктік шоттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпті сақтамайтындарын көрсетті.

Төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі бойынша негізгі бұзушылықтар:

- клиент жапқан банктік шотқа аударылған ақшаны қайтару үшін көзделген мерзімді бұзуға;

- жеке тұлғаның ағымдағы шотында Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен кем емес ақша сомасын қамтамасыз етпей, қарыз бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі төлем талабын орындауға;

-  қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін бір мезгілде қарыз алушылардың банк шоттарына бірнеше төлем талаптарын қоюға;

- өндіріп алу атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жүзеге асырылатын мерзімі өткен берешек бойынша төлем талаптарын қоюға қатысты болды.

Банктік шоттарға қызмет көрсету тәртібі бойынша негізгі бұзушылықтар:

- банктік шоттарды ашу/жабу тәртібін сақтамау және жеке сәйкестендіру кодын жою бойынша жұмыстарды жүргізбеуге;

- банктік шоттағы ақшаға билік етуді заңсыз шектеуге;

- салым сомасын қайтару бойынша міндеттемелерді орындамауға;

- банктік шотқа (мобильдік банкинг) қызмет көрсету мәселелері бойынша банктің ішкі құжаттарын сақтамауға қатысты болды.

2020 жылдың І тоқсанында банктерге қатысты әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 3 836 344,20 теңгені құрады.

Әкімшілік жауапкершілік көзделген банктер жол берген негізгі бұзушылықтар:

- кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтерді кредиттік бюроға оның келісімінсіз ұсыну;

- «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ақша төлемі және (немесе) аударымы жөніндегі нұсқауды орындау мерзімдерін бұзу.

Бұл ретте заң нормаларына сәйкес төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы нұсқаулардың орындалу мәселесін қарау кезінде бұрын орындалмаған төлем тапсырмаларын (бірдей сомамен, оның ішінде бірнеше төлем тапсырмаларына бөлінген) қайта ұсыну жағдайында бір құқық бұзушылық ретінде қабылданатындығын хабарлаймыз.

Сақтандыру ұйымының қызметінде сақтандыру ұйымының қаржылық орнықтылығына айтарлықтай әсер етпейтін және оның қаржылық жағдайына және (немесе) сақтандыру ұйымының сақтанушыларының (пайда алушыларының) мүдделеріне қауіп төндірмейтін кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды анықтау кезінде Агенттік қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.

 2020 жылдың I тоқсанында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде сақтандыру компаниясына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін  қадағалап ден қоюдың 1 ұсынымдық шарасы қолданылды.     

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың сол немесе өзге банк ұсынатын банктік қызмет  көрсетудің, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының тиімділігі мен сапасын толық шолу және өз бетінше айқындау үшін Агенттік қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қоспағанда) және сакциялар (айыппұлдар) туралы ақпаратты «Қолданылған ықпал ету шаралары және санкциялар» бөліміндегі ресми www.finreg.kz интернет-ресурсына орналастырады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың назарын 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық Банктен және оның аумақтық филиалдарынан қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар Агенттікке, Қазақстан өңірлерінде – Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына берілгеніне аударамыз.

Осыған байланысты қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке, Агенттік жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне, сондай-ақ аумақтық тиістілігі бойынша өңірлерде – Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына жүгінуге құқылы:

 - Агенттікке: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша жазбаша;

-  Құқықтық көмек алу үшін Қоғамдық қабылдау бөлмесіне А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша, (төтенше жағдай кезеңінде азаматтарды уақытша қабылдамайды) анықтама үшін жедел желідегі телефон: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122;  

- Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына (Агенттіктің www.finreg.kz сайтында  көрсетілген мекенжайлар бойынша, «Агенттік туралы: шағын бөлімдер: «Агенттік құрылымы» – «Агенттік бөлімшелері» бөлімінде).

Сондай-ақ:

- қарыз алушы мен банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк және қарыз алушы-жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын банк омбудсманына өтініш жасауға болады.

Банк омбудсманының деректемелері:  А15GП8Е2, Алматы қ., пр. Н. Назарбаева, д.175 офис 302., тел.: +7 (727) 2612 216, +7 708 983 30 16, е-mail: office@bank-ombudsman.kz, www.bank-ombudsman.kz.

- сақтандыру омбудсманына, өз қызметінде тәуелсіз, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (пайда алушылар) мен сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды өтеусіз негізде реттеуді жүзеге асыратын жеке тұлғаға жүгінуге болады.

Сақтандыру омбудсманының деректемелері: 050042, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,Рысқұлбеков көшесі, 28/7-үй, 2-қабат (СТКҚ АҚ ғимаратында), e-mail: office@omb.kz, www.insurance-ombudsman.kz, тел/факс +7 (727) 3824 174, +7 708 151 5235.

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша  мынадай шұғыл желі телефондарына хабарласуға болады:

 +7 (727) 2788 144 және  +7 (727) 2788 122

(жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма,  сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін,

сенбі – сағат 9.00-ден сағат 14.00-ге дейін, жексенбі – демалыс)

 

e-mail: Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz

 www.finreg.kz