Мәдина Әбілқасымова «Нархоз» университетінің «Қолданбалы қаржы» магистратурасының дипломдарын тапсыру рәсіміне қатысты

Мәдина Әбілқасымова «Нархоз» университетінің «Қолданбалы қаржы» магистратурасының дипломдарын тапсыру рәсіміне қатысты

16 маусымда «Нархоз» университетінің «Қолданбалы қаржы» магистратурасының дипломдарын тапсыру рәсімі өтті, оған ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова қатысты.

Құттықтау сөзінде Агенттік басшысы бүгінгі күні  Нархоз университетінің Қазақстанның жетекші экономикалық университеті болып табылатынын атап өтті. Соңғы жылдары айтарлықтай трансформациялау және жаңғырту жүргізілді, заманауи инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар салынды. Бірақ ең бастысы – Университеттің ауқымды академиялық мүмкіндіктері мен жоғары білікті педагогикалық құрамы.

Оқу сапасы, инклюзивті орта, түлектердің жұмысқа орналасуы және мансап бойынша перспективалар жөнінде Университет қол жеткізген нәтижелерді QS World University Rankings әлемдік рейтингтік агенттігі атап өтті, ол Нархозға «5 жұлдызға» тең ең жоғары баға берді. Әлемдік аренадағы жоғары баға оқу орнын әлемнің үздік университеттерімен қатар қойып, оның түлектеріне болашақ мансаптық өсу бойынша ауқымды мүмкіндіктер береді.

Мәдина Әбілқасымова атап өткендей, Қазақстанның қаржы секторы экономикадағы инновациялардың драйвері болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізді ауқымды саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жүргізу қажеттілігі туралы жариялады. Бұл экономиканы түрлендіруге, шағын және орта бизнесті дамытуға, адам капиталын дамытуға және халықтың кірістерін арттыруға бағытталған елеулі институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуді талап етеді. Қазақстан дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін сапалы адам капиталы қажет. Бүкіл әлемде ақыл мен талант үшін бәсекелестік артып келеді», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы.

Нархоз университеті жаһандық үрдістерді басшылыққа ала отырып, бүгінде ел экономикасы үшін және ең алдымен қаржы нарығы үшін кадрлар даярлау ордасы болып табылады. 2020 жылдан бастап Университет қабырғасында Қолданбалы қаржы бағдарламасы аясында мамандарды даярлау бойынша Ұлттық Банкпен бірлесіп әзірленген жоба табысты жұмыс істеуде. Бағдарлама түлектері қаржы нарығында жоғары сұранысқа ие. Қазіргі уақытта Агенттік қатарында Нархоздың 170 түлегі жұмыс істейді, олардың 56-сы басшылық позицияда.

Кездесуде магистратураның қаржы нарығына қатысушылардың тарапынан қаржыландырылатын бағдарламасы бойынша қаржы секторы үшін мамандар даярдау үшін жаңа гранттық бағдарламаны іске қосу туралы жария етілді.

Агенттік, «Нархоз» университеті және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры арасында «Актуарий» бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау жөніндегі үшжақты келісімге 2023 жылғы 12 маусымда қол қойылды.

Өз тарапынан, Келісім шеңберінде Агенттік магистранттарды даярлауға, оларға өндірістік практикадан өту үшін орындар беруге және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді жалғастырады.