«Қазақстанда қаржы нарықтарын ESG-реттеу» тақырыбында семинар өткізу туралы

«Қазақстанда қаржы нарықтарын ESG-реттеу» тақырыбында семинар өткізу туралы

2023 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) өкілдері Халықаралық қаржы корпорацияларының (бұдан әрі – IFC) өкілдерімен бірлесіп қаржы секторы үшін Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты (Central Asian Institute of Ecological Research, бұдан әрі-CAIER) ұйымдастырған Қаржы нарықтарын ESG-реттеу мәселелері жөніндегі семинарға қатысты.

Семинар жұмысына ірі банктердің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, халықаралық қаржы және квазимемлекеттік ұйымдардың (Отбасы банк, Еуразиялық банк, First Heartland Jusan Bank, Jusan Invest, БанкЦентрКредит, Freedom Holding Corp.), Ситибанк Қазақстан, БҰҰ, S&P, IFC, «Даму» КДҚ және т.б.) өкілдері қатысты.

Семинарда Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова баяндама жасап, ESG қағидаттары мен стандарттарын енгізуде қаржы секторының ерекше рөлін атап өтті. Сонымен қатар ол семинарға қатысушылардың назарын ESG саласындағы әлемдік үрдістерге аударды. Мысалы, климаттың әсері туралы ESG бойынша ақпаратты жария ету үрдісі міндетті болып табылады. 2025 жылға қарай жаһандық қорлардың басқаруында ESG-ға жатпайтын қорларға қарағанда ESG активтер көбірек болады. ESG әлемдік қорларының нарықтық үлесі 2025 жылы қазіргі кездегі 15%-дан 57%-ға дейін өседі. Блумберг болжалды бағалауы бойынша 2023 жылдың соңында ESG активтерінің жаһандық көлемі шамамен 50 трлн АҚШ долларын құрайды.

Қаржы ұйымдары қазіргі заманның климаттық сын-тегеуріндеріне уақтылы ден қою үшін әлемдік үрдістерді ұстанып, ESG қағидаттарын өз қызметіне (саясат пен стратегия, материалдық және адами ресурстар, есеп беру және мониторинг жүйесі, сараптамалық әлеует және т.б. бөлігінде) инкорпорациялау үшін белгілі бір қадамдар жасауы қажет.

Агенттік Төрағасы Қазақстанда орнықты қаржыландыру құралдарын енгізу саласында іске асырылған заңнамалық бастамалармен бөлісті.

Биыл сәуір айында Агенттік банктер мен басқа қаржы ұйымдарына арналған Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласында ақпаратты жария ету жөніндегі нұсқауды бекітті. Аталған нұсқау қаржы нарығында ESG-ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін әзірленді.

Агенттік  IFC-тің қолдауымен әзірлеп жатқан тағы бір маңызды құжат Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі нұсқау болып табылады, оның негізгі мақсаты кредиттік тәуекелді басқару процесіне экологиялық, әлеуметтік және климаттық тәуекелдерді бағалауды қосу. Нұсқау қаржы ұйымдары үшін экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесін (ESR) құру, оны тәуекелдерді басқарудың жалпы жүйесіне ықпалдастырудың құқықтық негізін қалайды, кредиттік және инвестициялық портфельдерде ESR бағалау рәсімдерін белгілейді.

Агенттік, сондай-ақ қаржы секторының сараптамалық әлеуетін арттыру мақсатында ESG мәселелері бойынша хабардар болуды арттыру үшін Жол картасын әзірледі. Спикерлер ретінде ESG  стандарттарын енгізуде озық тәжірибе жинақтаған орнықты қаржыландыру саласындағы халықаралық сарапшылар шақырылды. 

IFC өкілі Адалят Абдуманапова ESG реттеудегі халықаралық тәжірибе жөнінде айтып берді, сондай-ақ қаржыландыру ұсыну және климаттық орнықты дамуға инвестициялар ағынына ықпал ету арқылы экономиканы көміртексіздендіруді ынталандыру үшін негізгі қозғаушы күш ретіндегі қаржы секторының рөлін атап өтті.

Спикерлердің сөз сөйлеуі аяқталғаннан кейін қаржы нарығында ESG қағидаттарын енгізудің осы кезеңіндегі неғұрлым сезімтал және маңызды мәселелер бойынша «сұрақтар мен жауаптар» сессиясы өткізілді.

Аталған іс-шараға 13 астам екінші деңгейдегі банктердің өкілдері, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, халықаралық қаржы және квазимемлекеттік ұйымдар және басқа да стейкхолдерлер қатысты.

Бұл семинардың ерекшелігі реттеушінің қаржы нарығымен қарым-қатынасын бейресми форматта өткізуі болды.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-89, e-mail: press@finreg.kz