
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын (бұдан әрі – Консультативтік құжат) жария талқылау үшін орналастырғанын хабарлайды.
Консультативтік құжатты талқылау шеңберінде стрестік активтер сатылатын электрондық сауда алаңдарын реттеуге, синдикатталған қаржыландыруды дамытуға байланысты мәселелерді, қаржы ұйымдары мен қаржы нарығының өзге де субъектілерінің қызметін реттеудің, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттырудың жекелеген мәселелерін қарау ұсынылады.
Жария талқылау 2023 жылғы 16 маусым – 10 шілде аралығында жүргізілетін болады. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау кезеңінде Консультативтік құжатқа «Салықтар мен қаржы» бөлімінде, «РСКҚ» НҚА түрлерінде пікір білдіруге мүмкіндік болады.
Қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz мекенжайындағы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы сайтынан және жұмыс уақытында сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін 8 727 237-1171 телефоны бойынша алуға болады