
2023 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының № 46 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
Қаулы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII Заңымен енгізілген 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі - КҚИ АҚЖМС) бойынша икемді тариф қалыптастыру жүйесіне көшу жөніндегі өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулы КҚИ АҚЖМС бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралдарын тіркеу аймағының шығынына байланысты жаңа түзету коэффициенттерін жыл сайын есептеу тәртібін айқындайды. Осылайша, нақты өңірдің шығынына байланысты КҚИ АҚЖМС бойынша сақтандыру сыйлықақысын жыл сайын өзгерту көзделеді.
Бұл тәсіл автосақтандыру құнының барабарлығын қамтамасыз етуге бағытталған және сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру сыйлықақысының есебін уақтылы өзектендіруге мүмкіндік береді
Жаңа түзету коэффициенттерін қолдану 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделген.