Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін белгілеу туралы НҚА әзірленді

Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін белгілеу туралы НҚА әзірленді

2023 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Агенттік Басқармасының  
№ 45 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексін іске асыру мақсатында әзірленді және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2023 жылдың 1 шілдесінен күші жойылуына байланысты редакциялық түзетулерді көздейді.

Қаулы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.