
2023 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының № 44 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
Қаулы Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексін іске асыру мақсатында әзірленді және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2023 жылдың 1 шілдесінен күші жойылуына байланысты негізінен редакциялық түзетулерді көздейді.
Бұл ретте, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасудың және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың бұрын айқындалған қағидаларына қосымша Қаулымен сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасудың тәртібі мен мерзімдері бекітіледі.
2024 жылдан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен сақтандыру ұйымы арасында, бір сақтандыру ұйымы мен басқа сақтандыру ұйымы арасында зейнетақы аннуитеті шартын жасасу/бұзу кезінде ақпарат алмасу сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арқылы жүзеге асырылатын болады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін Қаулымен бекітіліп отырған сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 6-тарауын қоспағанда, Қаулы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.