
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірлегені туралы хабардар етеді.
2022 жылғы 12 қыркүйекте «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ерікті түрде таратылатын сақтандыру ұйымының қызметін бақылау және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату жөніндегі Агенттіктің құзыретін болдырмайтын өзгерістер күшіне енді.
Осыған байланысты, Қаулы жобасында Агенттікке ерікті түрде таратылатын сақтандыру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының қызметін тоқтататын тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беруін алып тастау бөлігінде түзетулер көзделеді.
Сақтандыру ұйымын ерікті түрде таратуды және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуды акционерлер немесе олардың өкілдері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асыратын болады.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14610089 интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz