
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген «Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидалары негізінде стрестік активтерді сату бойынша электрондық сауда алаңдар құру және реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулердің реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың жоспарланып отырғаны туралы хабарлайды.
Қоғамдық талқылаулар 2023 жылғы 27 маусымда сағат 09.00-ден 2023 жылғы 30 маусымда сағат 18.00-ге дейін Астана қаласының уақыты бойынша (3 жұмыс күні ішінде) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында, «РӘТ» бөлімінде өтеді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 27 маусымда Астана қ. уақыты бойынша сағат 12.00-де қосымша бейнеконференция өткізілетінін атап өтеміз.
Қатысуға ниет білдірушілер үшін ағымдағы жылғы 23 маусымға дейінгі мерзімде қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін damir.kyndybayev@finreg.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Zoom-ға сілтеме мүдделі тұлғаларға ұялы телефон нөмірлеріне жіберіледі.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша: +7 (727) 237-1111 (ішкі 6969) жұмыс нөміріне хабарласуды сұраймыз.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz