
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірленгені туралы хабарлайды.
Қаулы жобасы міндетті автосақтандыру шеңберінде көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды жүргізу рәсімін жетілдіруді, оның ішінде тұтынушыларға бағалау жүргізу үшін кемінде екі бағалаушыны таңдау мүмкіндігін беруді көздейді.
Сондай-ақ, қаулы жобасы тұтынушыларға сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында көлік құралына келтірілген зиян мөлшерінің құнын есептеу кезінде амортизациялық тозу мөлшерін айқындау мүмкіндігін қамтамасыз етуді көздейді.
Қаулы жобасы сақтандырудың неғұрлым жаппай сыныбы бойынша тұтынушылардың мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында әзірленді, бұл тұтынушылардың сақтандыру секторына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14604895 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz