ҚР ҚНРДА Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляковтың банк секторындағы ахуалға қатысты түсіндірмесі

ҚР ҚНРДА Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляковтың банк секторындағы ахуалға қатысты түсіндірмесі

Рейтингтік агенттіктер базалық және барынша ықтимал сценарийлерге сәйкес орта мерзімді кезеңде банк жүйесіндегі капитал жеткіліктілігінің және өтімділіктің тұрақты деңгейін атап өтуде.  Атап айтқанда, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік  агенттігі капитал жеткіліктілігінің жалпы жүйелік коэффициенті 2021 жылдың соңына дейін екі жылдық кезең ішінде тұтастай алғанда тұрақты екендігін, өтімділік деңгейінің жоғары болып қалатындығын, ал банктерді қаржыландыру құрылымының салыстырмалы түрде тұрақты болатындығын атап өтті.  Бұдан басқа, Moody’s Investors Service ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің  (бұдан әрі – Агенттік) ҚР Үкіметімен және Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп қабылдаған қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың әсерін оң бағалап отыр.

Fitch рейтингтік агенттігі рейтингтелетін банктерге қатысты активтер сапасының әлсіреуінен базалық капиталдың коэффициентіне қысымның кредиттеудің барынша әлсіз, күтілетін өсуі аясында басқарылатынын да атап өтті. Қорландыру көрсеткіштеріне және банктердің өтімділігіне барынша әлсіз операциялық орта тарапынан ешқандай тікелей қысым жоқ.

Рейтингтік агенттіктердің тұжырымдары банк жүйесі бойынша деректермен расталады. Қазіргі кезде Қазақстанның банк жүйесіндегі ахуал тұрақты. Меншікті капитал мен өтімділіктің үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және банктік қызметтердің толық тізбесін көрсету үшін айтарлықтай қоры бар. Қазіргі уақытта банктердің балансында еркін өтімділіктің едәуір көлемі бар, ол шамамен 13 трлн теңгені немесе активтердің 44%-ын құрайды. Жүйеде меншікті капитал түріндегі, ең төмен нормативтік талаптардан 3 есе асатын және банктердің салымшылары үшін тәуекелдерді жабатын айтарлықтай беріктік қоры бар.

Тіпті консерватизмнің активтердің сапасын бағалауға (AQR) салынған белгілі бір үлесін, оның нәтижелерін, сондай-ақ 2019 жылғы 1 сәуірден кейін және осы уақытқа дейін іске асырылған активтердің сапасын арттыру және екінші деңгейдегі банктерді капиталдандыруды қолдау жөніндегі шараларды ескере отырып, жүйелік деңгейде және сол сияқты AQR-ға қатысқан жекелеген банктер деңгейінде капитал тапшылығының жоқ екенін растайды.

Рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның банк жүйесі бойынша бағалаулары сыртқы конъюнктураның және жалпы экономикалық жағдайдың өзгерісін көрсетеді (мұнай бағасының төмендеуі және коронавирус пандемиясынан туындаған, әлемдік экономика үшін теріс салдарлар).

 

 

 

Сонымен бірге, халықаралық рейтингтік агенттіктердің талдаушылары қарыз алушылардың борышына қызмет көрсету кезінде күннен күнге өсетін тәуекелдер мен қосымша жүктемеге сілтеп отыр, өз кезегінде, ол қазақстандық банктердің кірістілігіне теріс әсерін тигізеді.

Коронавирус пандемиясының жағымсыз салдарын  еңсеру, бизнесті кредиттеуді қолдау және қарыз алушылардың борыштық жүктемесімен байланысты тәуекелдерді азайту үшін Үкімет, Қазақстан Ұлттық Банкі және Агенттік бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады:

 1)      2020 жылғы 30 наурыз - 30 қыркүйек аралығындағы кезеңге уақытша пруденциялық реттеу шаралары енгізілді, аталмыш шаралар  қосымша капиталды босатуға, оның ішінде қазақстандық бизнесті кредиттеуді қолдауға бағытталған. Осы реттеуші шаралар контрциклдік сипатқа ие  және банктерге қысымды төмендетуге, сондай-ақ  банктердің өтімділігіне бағытталған;

 2)        Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы әзірленді және іске асырылуда. Бағдарламаны іске асыру үшін 600 млрд теңге бөлінді.

3)        дағдарыстың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғалардың, дара  кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің  төлемдерін кейінге шегеру көзделген.

Бұдан басқа, төтенше жағдай кезеңінде және одан кейін тұрақты негізде заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам төлеу мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізілді.

Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50%-дан астамын өтеген және кейіннен міндеттемелерді орындаған жағдайда қарыз алушы үшін теріс кредиттік тарихты түзету мүмкіндігі көзделген.

Осылайша, Үкімет, Ұлттық Банк және Агенттік қабылдап жатқан  дағдарысқа қарсы шаралар пандемияның теріс әсерін және банк жүйесіне сыртқы экономикалық күйзелістерді икемдеуге бағытталған. Агенттік күн сайын банк секторындағы ахуалға тұрақты жұмыс процесі шеңберінде, сондай-ақ стресс тестілеу жүргізу көмегімен мониторинг жүргізеді. Стресс тестілеу нәтижелері негізінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды іске асыру қажеттілігі қаралатын болады.