
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің талаптары шеңберінде екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру ұйымдары қаржы ұйымдарының қызметіне тән тәуекелдерді ескере отырып, капитал қорын қамтамасыз етуі қажет. Бұл ұзақ мерзімді болашақта институттың үздіксіз және тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін тәуекелдің ішкі және сыртқы факторларына қатысты қаржылық орнықтылықтың стресс-тестілеу нәтижелеріне қатысты.
Коронавирусты инфекция (COVID-19) пандемиясының таралуы Қазақстанның кәсіпорындарына, атап айтқанда түсімнің төмендеуі және экономиканың нақты секторы кірістерінің төмендеуі арқылы теріс әсер етуде.
Активтер сапасының нашарлау тәуекелдерінің өсуі және пайданың төмендеуі жағдайларында, қаржы ұйымдары бұл тәуекелдерді өтеу және экономиканы кредиттеу үшін капитал қорын пайдалануы қажет.
Осыған орай, қаржы реттеушісі банктерге және сақтандыру ұйымдарына ағымдағы жылы дивидендтер төлеу үшін жинақталған таза пайданы бөлмеуге және акцияларды кері сатып алуды жүзеге асырмауға ұсыным жасайды.