
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) активтері ағымдағы жылғы 1-тоқсанда 7,1%-ға немесе
149 млрд теңгеге (2022 жылғы өсу - 34,4%) өсіп, 2023 жылғы 1 сәуірде 2,3 трлн теңгені құрады. Активтердің артуы микроқаржы ұйымдары кредиттік портфельдің өсуімен байланысты.
МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп бөлігі микроқаржы ұйымдарына - 1 194 млрд теңге немесе 52,8%, кредиттік серіктестіктер - 792 млрд теңге немесе 35,0%, ломбардтар - 274 млрд теңге немесе 12,1% тиесілі.
МҚҚЖҰ-ның несие портфелі ағымдағы жылғы 1-тоқсанда 4,2%-ға 2,2 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 50,9%).
Заңды тұлғаларға берілген қарыздар 2023 жылғы 1-тоқсанда 1,2%-ға 741 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2022 жылғы өсу – 112,8%).
Жеке тұлғаларға берілген қарыздардың көлемі ағымдағы жылғы 1-тоқсанда 4,6%-ға ұлғайып, 2023 жылғы 1 сәуірде 1,2 трлн теңгені құрады (2022 жылғы өсу - 30,8%). Дара кәсіпкерлерге берілген қарыздар 12,1%-ға 256 млрд теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 30,4%).
Ағымдағы жылғы 1-тоқсанда МҚҚЖҰ портфелі сапасының жақсаруы байқалады. Осылайша, МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен (NPL90+) қарыздардың деңгейі 2023 жылғы 1 сәуірде 3,2%-ды құрады (01.01.2023ж. – 3,6%). Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 4,6%-ды құрады (01.01.2023ж. – 6,2%).
2023 жылғы 1 сәуірге МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері 8,4%-ға 1,6 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 47,3%). Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 82,8%-ын немесе 1,3 трлн теңгені құрайды.
МҚҚЖҰ-ның 2023 жылғы 1 сәуірдегі меншікті капиталы тоқсан ішінде 3,6%-ға ұлғайып, 650 млрд теңгені құрады (2022 жылғы өсу - 11,3%).
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz