Банктік қарыз шартының/микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Банктік қарыз шартының/микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 84 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi  № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулылары жобаларының әзірленгені туралы хабарлайды.

Жобалар банктік қарыз шартының/микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу үшін негіздер тізбесін және кредиттер бойынша міндеттемелерді орындаудың кешіктірілу себептерін растайтын құжаттар тізімін айқындауды көздейді.

Бұдан басқа, Жобалар мерзімді әскери қызметін өткеріп жатқан қарыз алушыларға қызметті өткеру мерзіміне кредиттер бойынша кейінге қалдыру беруді көздейді және банктер мен микроқаржы ұйымдарының Агенттікке кредит беру талаптарын өзгертуге өтініш білдірген қарыз алушылардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы статистикалық ақпарат беру міндетін белгілейді.

Берілген түзетулер азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру және қарыз алушыларға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және кредитор алдындағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беру мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасының толықмәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14574790, https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14574727 сілтеме бойынша  ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz