
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) делегациясы 2023 жылғы 17 – 18 мамыр аралығында Филиппиннің Манила қаласында өткен Азия Даму Банкі ұйымдастырған Жасыл банкинг және қаржы жүйелерін экологияландыру жөніндегі конференцияға қатысты.
Конференция қаржы секторындағы төмен көміртекті және орнықты дамуды қолдаудағы жасыл инвестициялардың рөлін түсінуге бағытталған. Конференция барысында қаржы жүйелерін экологияландыру үшін қолданылатын түрлі тәсілдер мен тетіктер қаралды.
Климатқа байланысты тәуекелдерге төзімді және климаттық қаржыландыру ауқымдарын ұлғайтуда өз рөлін атқаруға қабілетті және дайын тиімді жұмыс істейтін және серпінді қаржы жүйесі Париж келісіміне сәйкес Азия аймағының дамушы елдерінде төмен көміртекті және климатқа төзімді дамуға қол жеткізудің шарты болып табылады.
Конференция барысында қаралған негізгі мәселелер:
Конференция шеңберінде бірқатар панельдік сессиялар, сондай-ақ қаржы секторындағы климатқа байланысты тәуекелдерді бағалау, мониторингтеу және басқару мәселелеріне, жасыл қаржы нарықтарын қолдау үшін қабылданатын шараларға, неғұрлым орнықты және экологиялық қаржы жүйелеріне көшудегі көпжақты даму банктерінің рөліне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Агенттік өкілі жасыл қаржы нарықтарын қолдау үшін қадағалау және реттеуші органдар қабылдаған шараларға арналған сессия шеңберінде панельдік қатысушы ретінде сөз сөйледі. Сессия барысында Агенттік өкілі Қазақстанның жасыл қаржыландыру, жасыл облигациялар мен орнықты даму облигацияларын шығару саласындағы заңнамалық реформалар бойынша, сондай-ақ «жасыл облигациялардың» инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қабылданатын шаралар тәжірибесімен бөлісті. Бұдан басқа, Агенттіктің қаржы секторына қатысушыларға ESG өлшемшарттары, сондай-ақ ESG тәуекелдерін анықтау, бағалау және басқару рәсімдері бойынша ақпаратты жария ету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу тәжірибесі талқыланды.
Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:
+7 (727) 2 619 200
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz