«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ-тың қызметін тоқтату туралы

«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ-тың қызметін тоқтату туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 7 сәуірден бастап «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату рәсімінің аяқталғаны туралы хабарлайды.

«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату  2021 жылғы қазан – 2023 жылғы сәуір аралығындағы кезеңде жүргізілді. Тарату процесінде тарату комиссиясы «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ-тың мүлкі мен құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап, оның кредиторларымен есеп айырысулар жүргізілді.

Міндетті және ерікті сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелі қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырудың міндетті сыныбын қоспағанда, «JYSAN GARANT СК» АҚ-қа берілді, ол бойынша міндеттемелері «Мемлекеттік аннуитеттік компания «ӨСК» АҚ-қа берілді.

Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға қатысты сұрақтар туындаған кезде сақтанушылар «JYSAN GARANT СК» АҚ-қа, ал қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырудың міндетті сыныбы бойынша  сұрақтар болған кезде «Мемлекеттік аннуитеттік компания «ӨСК» АҚ-қа жүгінуі қажет.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz