Агенттіктің Call-орталығының жұмысы туралы

Агенттіктің Call-орталығының жұмысы туралы

Азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасау және халық үшін қаржы реттеушісінің, қаржы ұйымдарының, реттелетін субъектілердің қызметі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттың қолжетімділігі мен толықтығын арттыру мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Call-орталығы жұмыс істейді.

Азаматтар қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, Агенттікке азаматтардан бұрын келіп түскен өтініштердің мәртебесін нақтылау, қаржы ұйымдарының жұмысы туралы ақпарат алу мәселелері бойынша консультациялар алу үшін Call-орталыққа жүгіне алады.

2022 жылы Call-орталыққа 19 314 қоңырау келіп түсті және күн сайын 100-ден астам азаматқа консультациялық қолдау көрсетіледі. Консультациялардың негізгі бағыттары: екінші деңгейдегі банктермен (19,4%), микроқаржы ұйымдарымен (11,2%), коллекторлық агенттіктермен (10,3%) өзара қарым-қатынастар, келіп түскен өтініш мәртебесі мәселелері, сондай-ақ Агенттіктің құзыретіне кірмейтін мәселелер (57,9%) болып табылады.

Бұл ретте қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылға қатысты көптеген қоңырауларға жауап ретінде тұтынушыларға бірінші кезекте жағдайды реттеу үшін өз кредиторына жүгінуге ұсыныс берілді. Бұл тетік 2021 жылғы қазаннан бастап қолданыста болатын проблемалық берешекті реттеудің міндетті сотқа дейінгі тәртібінде көзделген.

Сонымен қатар алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша қоңыраулар да келіп түседі – шамамен 1,2%. Барлық қоңыраулар бойынша Call-орталық операторлары консультациялар берді, оның ішінде Агенттік өзектендіретін жосықсыз қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізімі бойынша консультациялар берді.

Қаржылық алаяқтардан өзіңізді қалай қорғауға болатындығы туралы кеңестер, сондай-ақ қаржылық пирамидалардың негізгі белгілері туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://fingramota.kz/ru/rubric/caution-scammers

Агенттіктің Call-орталығы тек қана консультациялар беретіндігін атап өтеміз. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары бұзылған немесе қаржы ұйымдарының іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда, азаматтар ресми өтінішті жазбаша түрде не E-Otinish электрондық өтініштерінің мемлекеттік порталы арқылы жіберуі қажет.

Call-орталықтың жұмыс уақыты: жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Call-орталықтың телефоны: +7 (727) 237 1000 немесе 1459 (кез келген ұялы байланыс операторлары үшін тегін).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz