Банк секторын қадағалау саясатының 2023 жылға арналған негізгі басымдықтары

Банк секторын қадағалау саясатының 2023 жылға арналған негізгі басымдықтары

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) банк секторын қадағалау саясатының 2023 жылға арналған басымдықтарын жариялады.

Осы құжатта көрсетілген негізгі қадағалау басымдықтары қадағалау процесін жүйелеуге және қадағалау саясатында тәуекелге бағдарланған тәсілді толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді.

Агенттіктің банк секторына қатысты қадағалау саясатының негізгі басымдықтарын айқындау қадағалау процесінің тиімділігін қамтамасыз етуге және қаржы реттеушісінің іс-әрекеттерінің ашықтығы мен болжамдылығын арттыруға арналған.

Ағымдағы жылы Агенттіктің қадағалау ресурстары мынадай негізгі бағыттар бойынша шоғырландырылатын болады:

- SREP әдіснамасы шеңберінде банктерге жыл сайынғы қадағалап бағалауын жүргізу, оның ішінде банктердің 2022 жылы ICAAP/ILAAP ішкі процестерін сақтау және ішкі (экономикалық) капитал әдіснамасы мен есебін әзірлеу бойынша заңнамаға енгізілген талаптарды орындауын талдау;

- тұрақты AQR және қадағалап стресс-тестілеудің кезекті процестерін жүргізу;

- шоғырландырылған деңгейде реттеуді күшейту.

Құжаттарды Агенттіктің ресми сайтында мынадай сілтемелер бойынша табуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/449076?lang=kk

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz