Қазақстанда Қаржы секторын бағалау бағдарламасы іске қосылды

Қазақстанда Қаржы секторын бағалау бағдарламасы іске қосылды

2023 жылғы 27 наурыздан 11 сәуір аралығы кезеңінде Қазақстанда Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасының қаржы секторын бағалау бағдарламасының (Financial Sector Assessment Program, FSAP)  Бірінші миссиясы жеке қатысу форматында өтуде.

FSAP елдің қаржы секторын екі негізгі бағыт шеңберінде жан-жақты және тереңдетілген талдауды білдіреді: қаржы секторының тұрақтылығын және сенімділігін бағалау және оның ел экономикасының өсуі мен дамуына әлеуетті үлесін бағалау. 

Жеке қатысу форматында өтетін бірінші миссия 8 бағытты қамтиды: жүйелік және климаттық тәуекелдерді талдау, қауіпсіздіктің қаржылық желілері, Базель стандарттарына сәйкес макропруденциялық саясатты және банктерді реттеуді бағалау, криптоактивтерді реттеуді, қаржылық делдалдықты және капитал нарығының дамуын талдау.

Қазақстандағы Бірінші миссия шеңберінде FSAP сарапшылары Агенттікпен, Ұлттық Банкпен, қаржы, ұлттық экономика, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, энергетика, экология және табиғи ресурстар министрліктерімен, ҚР қаржыгерлерінің қауымдастығымен, қор биржасымен, қаржы ұйымдарымен, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Қазақстанның Даму банкімен, АХҚО-мен және басқа да ұйымдармен   консультациялар өткізеді.                                               

FSAP сарапшыларының Қазақстан Республикасына келесі сапары FSAP Негізгі миссиясының шеңберінде 2023 жылғы шілде айында күтілуде.

Қаржы секторын бағалау бағдарламасының нәтижелері бойынша ХВҚ және Дүниежүзілік банк Елдің қаржы секторының тұрақтылығы туралы есеп және оның одан әрі дамуы жөнінде ұсынымдар береді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz