
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба зейнетақы активтерін жеке басқару жүйесін жетілдіру және қор нарығын жандандыру мақсатында әзірленді.
Жоба қазақстандық брокерлерге шоттар ашу үшін шетелдік есеп айырысу ұйымдарының тізбесін кеңейтуге бағытталған.
Сонымен қатар, Жобада мақсаты зейнетақы активтерін басқарушылар санын ұлғайту және соның салдарынан осы нарықта бәсекелестікті дамыту болып табылатын бастамалар көзделеді.
Бұдан басқа, Жоба жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері инвестициялануы мүмкін қаржы құралдарының тізбесін кеңейтуге бағытталған бірқатар түзетулерді қамтиды. Бұл бастама басқарушы компанияларға неғұрлым әртараптандырылған инвестициялық портфельдерді құрылымдауға мүмкіндік береді, бұл олардың кірістілігіне оң әсер етеді деп күтілуде.
Жобаның толық мәтінімен Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14462385 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 213
e-mail: press@finreg.kz