
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығының (QAMS) (бұдан әрі – QAMS қауымдастығы немесе QAMS) атқарушы директоры Данияр Темірбаевпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанның қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды.
Тараптар сондай-ақ Агенттік пен QAMS арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Олардың ішінде – оқу және білім беру орталықтары үшін өлшемшарттар мен ұсынымдарды әзірлеу кезінде қолдау көрсету, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында ақпарат алмасу.
Кездесу барысында «Бағалы қағаздар нарығы саласында халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейін арттыруға ықпал ететін жағдайлар жасау туралы» Меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қойылды.
Меморандум шеңберінде Агенттік пен QAMS:
Меморандум Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді, бұл, өз кезегінде, ел экономикасына жеке инвесторлар қаражатының түсуіне ықпал етеді, қаржы нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады, елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтады және азаматтардың әл-ауқатын арттырады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz