Агенттік 2022 жылғы 4 тоқсандағы «Тәуекел жағдайындағы өсу» есебін жариялады

Агенттік 2022 жылғы 4 тоқсандағы «Тәуекел жағдайындағы өсу» есебін жариялады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) тоқсан сайынғы «Тәуекел жағдайындағы өсу» есебінің (бұдан әрі – Есеп) кезекті шығарылымын жариялады. Есепте ел экономикасын дамытудың сыртқы және ішкі макроқаржы жағдайларының жай-күйін сапалық тұрғыдан  бағалау және олардың қысқа және орта мерзімді перспективада Қазақстанның ІЖӨ-нің шартты өсуін бөлуге әсері қамтылған.

Бағалау 2023 жылғы қаңтардың соңындағы жағдай бойынша
19 макроқаржы көрсеткіші бойынша өзекті статистикалық ақпаратты пайдалана отырып, Growth at Risk[1] ықтималдық моделі негізінде жүргізілді, олар мынадай төрт топқа біріктірілген: ішкі қаржы жағдайларының (ішкі FCI), борыш жүктемесінің, сыртқы сұраныс пен сыртқы қаржы жағдайларының (сыртқы FCI) индексі. Бұл индекстер әр сектордың жай-күйін сипаттайды және макроқаржы жағдайларының түрлі аспектілерін көрсетеді.

GaR моделі белгілі бір уақыт аралығында теріс өсу ықтималдығын бағалауға да мүмкіндік береді және болуы мүмкін күйзелістердің болашақ ІЖӨ-нің өсуін бөлуге ықпалын бағалау үшін түрлі сценарийлерді қолдануға мүмкіндік береді.

GaR моделінің нәтижелері 2022 жылғы 4-тоқсанның қорытындысы бойынша FCI жиынтық индексінің серпіні аздап жақсарғанын, бірақ әлі де оң аймақта қалып отырғанын көрсетеді, бұл макроқаржы жағдайларының нашарлауы баяулағанын көрсетеді.

FCI қосалқы индекстері бойынша борыш жүктемесі, сыртқы сұраныс индекстері нашарлауының баяулауы және сыртқы қаржылық жағдайлардың жақсаруы кезінде ішкі FCI барынша қатаңдауды көрсетті.

2022 жылғы 4-тоқсанда жаһандық экономиканың дамуына геосаяси шиеленістің сақталуы, COVID-19 салдарынан Қытайдағы өсудің баяулауының жеделдей түсуі және әлемдегі қаржыландыру талаптарының қатаңдауының жалғасуы ықпал етті. Осының аясында азық-түлік және энергетикалық тауарлардың бағасы төмендеді. Мұның барлығы қысқа және орта мерзімді кезеңде Қазақстан экономикасына тежеу ​​әсерін тигізуі мүмкін. 2022 жылғы 4-тоқсандағы экономикалық өсу жылдық мәнде 2022 жылғы 3-тоқсандағы 3,3%-бен салыстырғанда 3,2%-ды құрады.

GaR моделінің бағалауына сәйкес 2022 жылғы 4-тоқсанда макроқаржы жағдайларының нашарлауы ІЖӨ-нің шартты өсімін бір жылдан кейін 0,1 п.т.-ға және орта мерзімді кезеңде 0,8 п.т.-ға төмендетеді, бұл
2022 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша жүргізілген алдыңғы бағалаудан 2 есе төмен. ІЖӨ-нің нөлден төмен шартты өсімінің ықтималдығы бір жылдан кейін 7%-ды, ал орта мерзімді перспективада 18%-ды құрайды.

Сценарийлік талдау мұнай бағасы мен ФРЖ пайыздық мөлшерлемесінен теріс күйзелістердің экономикалық құлдырау ықтималдығын арттыратынын көрсетті.

Тұтастай алғанда, жағымсыз тәуекелдер қысқарды, бірақ тәуекелдердің балансы  әлі де макроқаржы жағдайларының нашарлауына қарай ауысқан. Осыған байланысты әлеуметтік және қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдерге апаратын инфляцияның өсімін және жылжымайтын мүліктің бағасын төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Сондай-ақ күтілетін сыртқы күйзелістер мен сыртқы сұраныстың қысқаруынан болатын теріс әсерлерді барынша азайту жөніндегі шараларды айқындау керек.

Есептің толық мәтінін Агенттіктің сайтынан табуға болады: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/436550?lang=kk

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

 +7 (727) 2371089, press@finreg.kz

 

 

[1] Growth at Risk моделінің әдіснамалық сипаттамасымен мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/246028?lang=ru