
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жобада сақтандыру омбусдманын сайлау рәсімдері мен қызметін жетілдіру бөлігінде түзетулер көзделеді. Сақтандыру омбудсманы лауазымына кандидаттар уәкілетті органға ұсынатын бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар нақтыланады. Өкілдер кеңесі уәкілетті органға сақтандыру омбудсманы лауазымына кандидаттардың бекітілген тізімін ұсынғанға дейін сақтандыру омбудсманының еңбегіне ақы төлеу қорының мөлшерін айқындайды деп көзделеді.
Бұдан басқа, электрондық нысанда міндетті сақтандыру шарттарын жасасуға көшуге байланысты Жоба сақтандыру ұйымы мен оның агенттері арасындағы құжат айналымын оңтайландыруды көздейді.
Сондай-ақ, Жобамен сақтандыру нарығында және бағалы қағаздар нарығында басшы қызметкерлерді келісуге байланысты мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдері жеңілдетіледі, мінсіз іскерлік бедел өлшемшарттары бойынша және басшы лауазымға орналасуға келісім алу үшін уәкілетті органға жүгіну талап етілмейтін жағдайлар бойынша жекелеген ережелер нақтыланады.
Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14404343 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz