ҚНРДА бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды

ҚНРДА бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік қызметшілерінің лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар 2023 жылғы 15 – 28 ақпан аралығында (қоса алғанда) қажетті құжаттарды Алматы қаласы, Көктем-3 шағынауданы, 21-үй мекенжайы бойынша қолма-қол (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін) немесе пошта арқылы (сканерленген нотариалды куәландырылған құжаттар) хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынуы қажет.

Кандидаттарды іріктеу кезіндегі негізгі өлшемшарттар:

  • сала бойынша білімі;
  • жоғары біліктілік деңгейі;
  • мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесі;
  • халықаралық сертификаттардың болуы (қаржы, IT, шет тілдері және т.б. саласында).

Бос орындар туралы жан-жақты ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/426036?lang=ru

Ұйымдастыру сипатындағы мәселелер бойынша консультацияны мына телефондар бойынша алуға болады:

+7-(727) 237-14-40

+7-(727) 237-11-11

+7-(727) 237-12-30

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237-10-89, press@finreg.kz