«Түзету коэффициентін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 92 қаулысына өзгерістер енгізу туралы НҚА жобасы әзірленді

«Түзету коэффициентін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 92 қаулысына өзгерістер енгізу туралы НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Түзету коэффициентін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 92 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (бұдан әрі – ЖОМС) шарттары бойынша түзету коэффициентін қолдану қағидаларын жетілдіру мақсатында әзірленді.

Жоба ЖОМС шарттары бойынша түзету коэффициентін қолдану қағидаларын бірыңғай сақтандыру деректер базасының деректері негізінде ғана айқындайды.

Сондай-ақ, жоба түзету коэффициентінің минималды мәнін белгілейді.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14316828 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz