Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартына және сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы НҚА жобасы әзірленді

Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартына және сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы  № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба зейнетақы аннуитеті шартының талаптарын жақсарту мақсатында әзірленді және:

1) сақтандыру сыйлықақысын есептеуде пайдаланылатын жекелеген параметрлерді қайта қарауды, атап айтқанда:

- сақтандыру төлемдерін индекстеу мөлшерлемесінің ең төменгі мөлшерін 5-тен 7%-ға дейін арттыру;

- кірістілік ставкасының ең төменгі мөлшерін 7-ден 9%-ға дейін арттыру;

2) мүгедектігі бар және зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін өлімнің жекелеген кестесін пайдалану мүмкіндігі, бұл осы санаттар үшін зейнетақы аннуитетінің құнын төмендетуге мүмкіндік беретін бөлігінде түзетулерді көздейді.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14315241 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz