
Мемлекеттік органдардың ашықтық саясаты шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2022 жылғы 8 ақпанда сағат 12:00-де (іс-шараның басталуы) Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлегенұлы Қизатовтың брифингі өтетінін хабарлайды.
Брифинг банк секторы активтерінің сапасына тұрақты бағалау – AQR (Assets Quality Review) жүргізу нәтижелеріне арналған.
Брифингке Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаментінің директоры Иван Мойсов, сондай-ақ Агенттік Төрағасының кеңесшісі Тимур Әбілқасымов қатысады.
Брифинг Агенттіктің баспасөз залында Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21 үй, 3 кіреберіс мекенжайы бойынша өтеді.
Брифингке қатысу үшін аккредиттеу процесін WhattsApp немесе Telegram арқылы мына нөмір бойынша өту қажет: +7-775-84-66-814 (Дмитрий) және кірген кезде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.
Барлық ниет білдірушілерді күтеміз!
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz