
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасында Open API және Open Banking дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялады.
Қазақстан Республикасында Open API және Open Banking дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қатысуымен Ұлттық Банкпен бірлесіп әзірленді. Құжат Қазақстан Республикасында Open API және Open Banking дамытудың алғышарттары мен негізгі үрдістерін, аталған технологияларды қолданудың тәуекелдері мен артықшылықтарын, реттеу практикалары мен тәсілдеріне халықаралық шолуды, Қазақстанда ашық банкингті дамыту жөніндегі нақты шаралар мен іс-шараларды қамтиды.
Тұжырымдамада:
Тұжырымдамада, сондай-ақ жобаға қатысушылар және олардың рөлдері, жоспарланған іс-шараларды іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы айқындалған.
Цифрлық банк қызметтері мен өнімдерінің қарқынды дамуын, мобильдік және онлайн банкинг саласындағы жетістіктерді, сондай-ақ клиенттердің өз деректерін басқаруға қатысты сұраныстарын ескерсек, Қазақстан Республикасында ашық банкингті дамыту және енгізу қаржы секторында орнықты және тиімді инновациялық орта қалыптастыру жөніндегі бастама заңды болып табылады.
Тұжырымдамада көзделген іс-шаралар қаржы нарығында жаңа инновациялық сервистердің пайда болуына әкеледі, олар, өз кезегінде, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдері мен қызметтерінің талаптарын бағалауға, бір қосымшадан әртүрлі банктердегі шоттарды басқаруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру шеңберінде Агенттік ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына ерекше назар аударатын болады.
Тұжырымдаманың толық мәтінін Агенттіктің сайтынан табуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/417488?lang=kk
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz