
2022 жылы Агенттік жеке және заңды тұлғалардың қаржы, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты 35 337 өтінішін қарады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18%-ға аз. 2022 жылғы желтоқсанда 6506 өтініш қаралды, бұл 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 2,1 есе көп.
2022 жылғы желтоқсандағы өтініштердің негізгі мәселелері қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту үшін жәрдем көрсету және шаралар қабылдау болып табылады.
2022 жылы азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің өтініштерінің негізгі үлесі банк секторына (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) тиесілі болды, ол есепті кезеңде өтініштердің жалпы санының 65%-ын құрады.
Қаржы нарығының қалған секторлары бойынша үлестер былайша бөлінді: микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша – 19,8%, сақтандыру нарығы субъектілері - 1,7%, коллекторлық агенттіктер-1,2%, сондай-ақ өзге де ұйымдар - қаралған өтініштердің жалпы санының 12,3%.
2022 жылы Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген бұзушылықтары бойынша қаржы нарығының субъектілеріне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде жалпы сомасы 120,7 млн теңгеге 235 шара және 176 әкімшілік жаза қолданылды.
2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтап қалуға бағытталған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігі шеңберінде банктер 01.01.2023 жылғы жағдай бойынша 187,9 млрд теңге сомаға 31,4 мың қарызды қайта қаржыландырды, оның ішінде 2022 жылы 6,4 млрд теңге сомаға 2,6 мың қарызды қайта қаржыландырды.
01.01.2016 жылға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды конвертациялауға бағытталған Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 132,2 млрд теңге сомаға 13,8 мың валюталық ипотекалық қарызды конвертациялады. 2022 жылғы қазанда валюталық ипотекалық қарыздарды конвертациялау/қайта қаржыландыру мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ХӘОТ-қа жататын ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. Қолдау шаралары қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде көрсетіледі. 01.01.2023 ж. жағдай бойынша қосымша қолдау шаралары 9,6 мың қарыз алушыға 63,0 млрд теңге сомаға көрсетілді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz