
"Жасыл" облигациялар шығару арқылы қаржыландыру алуды жоспарлап отырған компаниялар мен жергілікті атқарушы органдар үшін алғашқы "Green bond competition" байқауының басталғанын жариялаймыз.
Өтінімдерді қабылдау – 2023 жылдың 25 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін жүргізіледі.
"Жасыл" облигациялардың негіздемелік бағдарламасы шеңберінде конкурсқа қатысқан екі финалист үшін қарастырылды:
- борыштық бағалы қағаздар шығаруды ұйымдастыру үшін тегін кеңестер;
- тиісті қаржылық емес есеп берушілікті жасау;
- "жасыл" облигациялар шығарылымының халықаралық қағидаттарға (Second Party Opinion) сәйкестігі туралы тәуелсіз қорытынды дайындауға көмектесу.
KASE-де тұрақты даму мақсаттарын және ESG-қағидаттарын (Environmental, Social, Governance) іске асыруды қолдау шеңберінде "жасыл" облигациялар шығару үшін барлық қажетті инфрақұрылым құрылды.
Конкурсты ұйымдастырушы – International Finance Corporation (IFC), бірлескен ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) және KASE.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді толтырыңыз.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237-10-89, e-mail: press@finreg.kz