Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылау өткізу

Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылау өткізу

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары негізінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері, сондай-ақ коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзу болмаса, коллекторлық агенттіктің жосықсыз іс-әрекет жасауы бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауларды 2023 жылғы 24 қаңтардан Астана қ. уақытымен сағат 09.00-ден 2023 жылғы 26 қаңтарда сағат 18-00-ге дейін (3 жұмыс күні ішінде) Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында, «РӘТ» бөлімінде жоспарлы түрде өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы «23 қаңтарда» Астана қ. уақыты бойынша сағат 12.00-де қосымша бейнеконференцияның өткізілетіні туралы атап өтеміз.

Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін Gulmira.Mykhayeva@finreg.kz. электрондық поштасына жіберуді сұраймыз Zoom сілтемесі мүдделі адамдарға ұялы телефон нөмірлеріне жіберілетін болады. Туындаған барлық сұрақтар бойынша жұмыстағы +7 (727) 259-8233 телефон нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.