
2022 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының отырысында «Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының № 114 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.
Ерекше реттеу режимі қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) уәкілетті орган белгілейтін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы талаптарының жиынтығы болып табылады.
Қаулымен Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидаларына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
- өтініш берушілер уәкілетті органға ұсынатын құжаттардың тізбесі қысқартылды;
- уәкілетті органның ұйымдардың қатысуы үшін өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
- өтініш берушіге өтініш бойынша шешімді жіберу мерзімі 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Қабылданған түзетулер өтінімдерді қарау және мақұлдау кезеңінде өтініш берушілерге ерекше реттеу режиміне кіру рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Қаулының мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/389153?lang=ru.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237-10-89, email: press@finreg.kz