КНҚА-да бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен эмитенттерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

КНҚА-да бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен эмитенттерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен эмитенттерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулыға сәйкес бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына клиенттің рұқсатымен бір клиенттің ақшасы мен бағалы қағаздарын екінші клиенттің мүддесі үшін пайдалануға мүмкіндік беріледі.

Мүдделер қақтығысына жол бермеу және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының конфиденциалды ақпаратын сақтау мақсатында Қаулымен брокердің және (немесе) дилердің қызметкерінің агенттік қызметтерді үшінші тұлғаларға, оның ішінде валюталық және қор нарықтарында мәмілелер жасау саласындағы қызметті жүзеге асыратын сенімхат бойынша ұсынуына тыйым салу көзделген.

Қаулыда сондай-ақ шектеулі ықпал ету шаралары қолданылатын субъектілердің тізбесін, атап айтқанда жеке және институционалдық инвесторларға, эмитенттерге және кәсіби ұйымдарға қатысты субъектілердің тізбесін кеңейту көзделеді.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

 +7 (727) 237-10-89, email: press@finreg.kz