
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының № 115 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
Қаулыны қабылдау берілген тұтынушылық микрокредиттер көлемінің және қарыз алушылардың борыш жүктемесінің өсуін шектеу арқылы қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға және кепілсіз тұтынушылық микрокредит беру сегментіндегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған.
Қаулыда мынадай негізгі өзгерістер мен толықтыру көзделеді:
Коллекторлық қызметті реттеуді қатаңдату шарасы ретінде Қаулымен кредиттерді/микрокредиттерді сатып алуды жүзеге асыратын коллекторлық агенттіктер үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 50 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейін екі есеге артады. Қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есепті тіркеуден өткен және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) иеленетін коллекторлық агенттіктер 2024 жылғы 1 қаңтарға қарай жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін Қаулыға сәйкес келтіруге міндетті.
Көрсетілген түзетулер микроқаржы ұйымдарының қарыз алушылардың кредит қабілеттілігіне сапалы бағалау жүргізуін қамтамасыз етуге, микрокредиттер бойынша артық төлем мөлшерін азайтуға және мерзімі өткен тұтынушылық микрокредиттердің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұдан басқа, капиталға жоғары талаптарды енгізу коллекторлық қызметтер нарығынан жұмыс істемейтін субъектілердің кетуіне әкеледі.
Қаулы 2022 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді. Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында танысуға болады.
Қаулы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялану сатысында және көрсетілген Қаулымен бекітілген Тізбенің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының елу тоғызыншы – сексен алтыншы абзацтарын, 2-тармағын, Тізбенің 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz