Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы

Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 12 желтоқсанда «Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, оның ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі – ҚЕД) интернет-ресурсында ақпаратты жария ету бөлігінде, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданды.

01.01.2023ж. бастап қолданысқа енгізілетін «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңы 102-бабының 5-тармағына сәйкес орталық депозитарий ҚЕД интернет-ресурсында мыналар туралы ақпаратты жария ететін болады:

эмитенттің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер құрамындағы өзгерістер;

акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына конвертациялау;

акционерлік қоғамның бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы акционерлік қоғамның басқа түрдегі акцияларына айырбастау;

акцияларды бөлу.

Өз кезегінде, 01.07.2023ж. бастап қолданысқа енгізілетін «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңының 3-бабының 7-2-тармағына сәйкес уәкілетті орган ҚЕД интернет-ресурсында:

  • эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында және облигациялардың жеке меморандумдарында қамтылған;
  • акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы;
  • тәртіпте және талаптарда акциялар шығарылымының күшін жою туралы ақпаратты жария етеді.

Бағалы қағаздар эмитенттерінің ҚЕД интернет-ресурсында көрсетілген ақпаратты жария етуі жөніндегі талаптың алып тасталуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы №189 қаулысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz