
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Алматы қаласындағы «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясының төрағасы лауазымына кандидаттарды iрiктеу іс-шараларын өткізуде.
Кандидаттардың жоғары экономикалық немесе заңгерлік бiлiмi немесе бухгалтерлік есеп және аудит саласында жоғары білімі болуы, қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бiлуге тиiс.
Кандидаттарға қойылатын талаптар және олар ұсынатын құжаттардың тiзбесi Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысымен бекiтiлген Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларында және Мәжбүрлеп таратылатын банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптарында белгіленген.
Құжаттарды қоса бере отырып, Банктерді тарату комиссиясының төрағасын тағайындау туралы өтiнiшті Агенттікке 2022 жылғы желтоқсанның 15 дейін Алматы қаласы, Көктем-3, 21-үй мекенжайы бойынша ұсыну қажет.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (727) 237 13 58.».